$ 478.93  534.96  5.16

Шымкентте көлік жүргізушісі 20 жастағы қызды қағып өлтірді (ВИДЕО)

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Шымкент қаласының «Тараз» шағын ауданындағы Жәнібеков көшесінде ауыр жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жас қызды қағып кеткен.

Апат салдарынан 20 жастағы қыз оқиға орнында қайтыс болды. 

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жол-көлік оқиғасының барлық жағдайларын анықтайды.

Тұрғындар бұл жерде жол-көлік оқиғаларының жиі болып тұратынына шағымдануда. Жол екі үлкен трассаны байланыстырады және бұл көшеде көп көліктер жоғары жылдамдықпен қозғалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары