Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Шымкент қаласының «Тараз» шағын ауданындағы Жәнібеков көшесінде ауыр жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жас қызды қағып кеткен.
Апат салдарынан 20 жастағы қыз оқиға орнында қайтыс болды.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жол-көлік оқиғасының барлық жағдайларын анықтайды.
Тұрғындар бұл жерде жол-көлік оқиғаларының жиі болып тұратынына шағымдануда. Жол екі үлкен трассаны байланыстырады және бұл көшеде көп көліктер жоғары жылдамдықпен қозғалады.