16.08.2024, 04:30

Оралдағы түрмеде сотталушы өзіне қол жұмсады

Фото: Pixabay

1978 жылғы жазасын өтеуші өз өмірін қиған.

Орал қаласындағы түзету мекемесінде 46 жастағы ер адам өзіне-өзі қол жұмсады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 13 тамыз күні болды.

«БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің түзету мекемесінде 1978 жылғы жазасын өтеуші өз өмірін қиған. Аталған дерек Зачаган полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан. 

БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты кейін беретінін жеткізді.