Енді Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің қазіргі 37-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен кездеседі.
Қазақстанның екінші, әлемнің 33-ракеткасы Юлия Путинцева Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Осылайша, қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 2-ракеткасы, америкалық Кори Гауфты жеңім, сенсация жасады.
1 сағат 54 минутқа созылған жарыста Юлия 1 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Екінші айналымдағы кездесуде ол әлемнің екінші ракеткасы, турнирдің қазіргі чемпионы, америкалық теннисші Кори Гауффты ұтты. Кездесу 6:4, 2:6, 6:4 есебімен қазақстандық ойыншының пайдасына аяқталды.
Енді Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің бұрынғы екінші, қазіргі 37-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен кездеседі.