16.08.2024, 15:20

Екі адам қаза тауып, алты адам жарақат алды: Қарағанды облысында Газель жол шетіне ұшып кеткен (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Екі көлік соғысып, кюветке ұшып кеткен.

16 тамызға қараған түні Қарағанды-Балқаш тас жолында апат болды. «Газель» мен Hyundai Elantra соқтығысуынан екі адам қаза тауып, алты адам жарақат алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ekaraganda.kz жазуынша, апат Спаск ауылынан екі шақырым жерде сағат 00:30 шамасында болды. Екі көлік соғысып, кюветке ұшып кетті.

«32 жастағы Hyundai жүргізушісі мен оның жолаушысы қаза тапты. 35 жастағы «Газель» жүргізушісі, оның екі жолаушысы және үш Hyundai жолаушысы ауруханаға түсті», - делінген ақпаратта.

Полицейлер қылмыстық іс қозғап, болған оқиғаның мән-жайын анықтауда.