$ 494.87  520.65  4.91

«Тұншықтырып, тастап жіберген»: Әжетханадан табылған Асылымның өліміне кінәлі табылды

Экспертиза басынан соққы болды деген, бірақ оны құлаған кезде зақымданған деген шешім шығарған болатын.

Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Әжетханадан табылған Асылымның өліміне кінәлі табылды. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Сұмдық және суыт хабар жетті! Бұған дейін Сарыағашта 3 жастағы Асылымның үш күн бойы табылмай жатқанын және кейін денесі көршісінің дәретханасынан табылғаны туралы жазған едім. Бәріміз сонда шулап едік қой. Ол кезде Сарыағаш аудандық полициясы оқиға адам қолынан болмаған, баланың өзі құлап кеткен дегендей айтқан болатын. Өкінішке қарай, олай емес екен. Қылмысты басқа-басқа емес дәл сол үйге қарама-қарсы тұратын көршісінің 16 жастағы қызы әдейі жасағаны белгілі болды. Іс сотқа кетті. Небәрі 16 жастағы қыз 3 жастағы кішкентай қызды буындырып, тұншықтырып, дәретханаға тастап жіберген. Экспертиза басынан соққы болды деген, бірақ оны құлаған кезде зақымданған деген шешім шығарған болатын. Олай емес екен", – деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 17

Серіктес жаңалықтары