17.08.2024, 23:30

Ақтөбеде жол апатынан үш адам қаза тапты (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынды

Жасөспірім ауруханада көз жұмды.

Атырау тасжолының Алға ауданы аумағында жол апаты болды. Оқиға орнында «ВАЗ-2115» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы қаза тапты, оның біреуі - жасөспірім. Әлеуметтік желіде апат туралы видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел жәрдем бригадасы екі адамның өлімін тіркеді. Алға аудандық ауруханасына 4 адам жеткізілді.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 16:20-да болды. Алға ауданының Бестамақ ауылы маңында «ВАЗ-2115» және «ГАЗель» автокөліктері соқтығысты.

“Жол-көлік апаты кезінде «ВАЗ-2115» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушы көз жұмды. Жасөспірім ауруханада қайтыс болды. Осы көлік ішінде болған үш жолаушы ауруханада жатыр”, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Жарақат алғандардың жағдайы тұрақталған соң олар облыс орталығындағы ауруханаға жеткізіледі.