$ 480.63  535.13  5.27

Демеу Жадыраев пен Назым Қызайбайға 3 бөлмелі пәтер берілді

Демеу Жадыраевтың алғашқы бапкері Жұмахан Тұрғанбековке және спортшының жеке бапкері Боранбек Қоңыратовқа 2 бөлмелі пәтер мен 2 миллион теңгенің сертификаты табысталды.

Фото: Алматы облысының Жоғары спорт мектебі
Фото: Алматы облысының Жоғары спорт мектебі

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласының орталық алаңында Париж Олимпиадасында ел намысын қорғаған спортшыларымызды марапаттады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыс әкімдігі Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа үш бөлмелі пәтер мен 10 миллион теңгенің сертификатын табыстады.

Демеу Жадыраевтың алғашқы бапкері Жұмахан Тұрғанбековке және спортшының жеке бапкері Боранбек Қоңыратовқа 2 бөлмелі пәтер мен 2 миллион теңгенің сертификаты табысталды.

Ал Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға демеушілер атынан 3 бөлмелі пәтер мен 2 миллион теңге сыйлыққа берілді. Сондай-ақ Париж Олимпиадасына Алматы облысының атынан қатысқан Әсем Орынбай, Эдуард Ещенкоға 2 миллион теңге қаржылай сыйлық берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары