$ 478.96  533.03  5.22

«Жаттығу жоспары дұрыс құрылмаған»: Бокстан жаңа бапкер Мырзағали Айтжановтың кезіндегі кемшіліктерді айтты (ВИДЕО)

Ол видеоүндеуде осыған дейін жіберілген кемшіліктер туралы айтты.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Бокстан Қазақстан құрамасының жуырда ғана тағайындалған бас бапкері Қайрат Сәтжанов видеоүндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ол видеоүндеуде осыған дейін жіберілген кемшіліктер туралы айтты.

«Мемлекет және Қазақстан бокс федерациясының басшылығы сенім білдіргендеріңізге көп рақмет. Бұл біз үшін үлкен жауапкершілік деп білемін.

Бүгінде Қазақстан боксында бірқатар мәселе бар. Ол мәселелерді өзіміз Париж Олимпиадасында көрдік. Ең алдымен жаттығу жоспары дұрыс құрылмаған және командалармен біріккен оқу-жаттығу жиындары өтпеген.

Алға қойған жоспарларымыз өте көп. Олар: жасөспірімдер, жастар және ұлттық құраманың бәріне бірдей көңіл бөлу, Қазақстанда болатын жарыстарды, іріктеу турнирлерін әділ өткізу, жаттығу жиындарының бәрін бір жүйеге келтіру. Команда жұмысын жақсарту үшін шетелден мамандар, атап айтқанда, жалпы дене дайындығының маманы, ғылыми топ және бапкер-консультант шақыру ойымызда бар.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болу – елге қызмет ету. Ел сенімін ақтауға барымды саламын», - деді Қайрат Сәтжанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 24
Ұнамайды 14
Күлкілі 6
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары