$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Фото: instagram.com/sinegor.kz
Фото: instagram.com/sinegor.kz

Ақмола облысының Алексеевка ауылының маңында екі жүк көлігі соқтығысып, салдарынан бір жүргізуші қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алексеевка ауылының іргесіндегі көпірде болған апаттың салдары туралы видео Instagram-дағы "Sinegor.kz" парақшасында жарияланды.

"Кадрлардан ауыр жүк көлігінің қатты зақымдалғаны көрініп тұр", - делінген хабарламада.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жазбаға қатысты пікір білдіріп, 17 тамызда екі жүк көлігінің қатысуымен жол апаты болғанын хабарлады.

"Жол апаты салдарынан көліктердің бірінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды", - деп хабарлады полиция департаментінің өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары