#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

Еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Астанада таңертең және күндіз найзағай ойнайды.

Фото: 1url.ru
Фото: 1url.ru

Қазгидромет синоптиктері бүгін, 19 тамызда еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы облысыда нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Алматыда түнде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұршақ жауып, дауыл соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Астанада таңертең және күндіз найзағай ойнайды.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді. 19 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Найзағай ойнайды, ал күндіз бұршақ жауады, дауыл болады. Жел батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 4
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары