$ 478.96  533.03  5.22

«25 жылда 25 келі»: Мақпал Жүнісова Қыдырәлі мен Қарақаттың тойынан видео жариялады (ВИДЕО)

Роза апамның сарқытымын ғой. 

Фото: instagram.com/zhunusova.makpal/
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal/

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның 25 жыл бұрынғы үйлену тойынан видео жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"25 жыл бұрын Қыдырәлі мен Қарақаттың тойынан видео түсті", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Желі қолданушылары Мақпал Жүнісоваға жағымды пікір жазып жатыр. "Мақпал түк өзгермеген екен ғой содан бері" деп пікір қалдырған оқырманына әнші "25 жылда 25 кг қосылған" деп әзілмен жауап берді. 

Ал "Сол қалпысыз ғой, Мақпал апа. Бетіңізді қалай күтесіз? Роза Бағланова апамызда да осындай аппақ таза бет болып еді, содан кейін сіздің бетіңіз сондай. Қартаймаңыз, аман болыңыз" деп жазған оқырманына "Роза апамның сарқытымын ғой,апамнан жұғысты болған болар" деп жазды Мақпал Жүнісова. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 17
Ұнамайды 4
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары