19.08.2024, 10:20

Алматыда экскаватор жүргізушісімен бірге өзенге құлап кетті

Фото: Видеодан кадр

Жауын-шашынның салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмаған.

Алматы облысында экскаватор жүргізушісі құтқарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ТЖМ мәліметінше, Райымбек ауданында қатты жауын-шашынның салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмай, экскаватордың жолдан өзенге аударылуына жол берді.

Құтқарушылар ер адамға саты беріп, жоғары көтерілуге көмектесті. 1972 жылы туған зардап шегушіге медициналық көмек қажет болмады.