Сотталушының кінәсі оның мойындауымен, жәбірленушінің айғақтарымен, сараптамалық қорытындылармен расталады.
Шығыс Қазақстан облысындағы ауылда тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйел сотта күйеуін кешірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ал күйеуі әйелін әбден қорлап, тепкен.
Сотта белгілі болғандай, оқиға 17 шілдеде болған. Жанжал кезінде Тұғыл ауылының тұрғыны әйелін жұдырықтап ұрып, тепкілеген.
Іс Тарбағатай аудандық сотында қаралды. Ер адам Қылмыстық кодекстің 109-1-бабының 1-бөлігі «Денсаулыққа зиян келтірмейтін ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау» бойынша сотқа тартылды.
Сотталушының кінәсі оның мойындауымен, жәбірленушінің айғақтарымен, сараптамалық қорытындылармен расталады.
«Сотта тараптардың татуласуына байланысты бұл қылмыстық іс тоқтатылды. Алайда сот қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында оны қылмыстық жауаптылықтан босату кезінде 6 ай мерзімге арнайы талаптар белгіледі», – деп мәлімдеді Тарбағатай аудандық сотының баспасөз қызметі.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.