20.08.2024, 12:00

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковаға да көлік сыйға берілді (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған

Спорттық шараның ашылу салтанаты Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында өткен.

Шығыс Қазақстан облысында жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковаға су жаңа көлік сыйлық ретінде берілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Біздің Өскемен» парақшасындағы мәліметке сүйенсек, ШҚО әкімінің жүлдесі үшін өтіп жатқан ХХII халықтық спорт ойындарының ашылу салтанатында облыс басшылығы Қазақстан спортына қосқан үлкен тарихи үлесі үшін Ольга Рыпаковаға су жаңа автомобиль сыйлаған. Спорттық шараның ашылу салтанаты Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында өткен.