$ 494.87  520.65  4.91

«Әйелі жап-жас, балалары кішкентай»: 58 жастағы Қорғаныс министрі отбасын көрсетті

Отбасы мүшелерінің барлығы әскери форма киіп түскен.

Фото: instagram.com/vsphotoastana
Фото: instagram.com/vsphotoastana

ҚР Қорғаныс министрінің отбасымен түскен суреттері әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министрдің отбасылық портреті Астанадағы фотостудиялардың бірінің Instagram-аккаунтында жарияланды. Суретте: генерал-полковник Руслан Жақсылықов, әйелі, үлкен қызы мен екі ұлы.

Отбасылық сурет Астанадағы фотостудиялардың бірінің Instagram парақшасына салынған. Суреттерде 58 жастағы Қорғаныс министрінің жас келіншегі мен қызын, кішкентай екі ұлын көруге болады.

Отбасы мүшелерінің барлығы әскери форма киіп түскен. Пікір білдірушілер ведомство басшысының отбасылық суреттерін бұлай жария ету қаншалықты дұрыс екендігін де талқылаған. Фотостудия өкілдері суреттерді клиенттерінің келісімімен ғана жариялайтынын алға тартқан. 

"Біз клиенттің рұқсатынсыз суреттерін жарияламаймыз, өзінің атақ-даңқына қарамастан келісімін беретіндерге алғысымыз шексіз", - делінген жазбада.

Айта кетейік, Руслан Жақсылықов 1966 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ол 2022 жылдың қаңтарында Қорғаныс министрі болып тағайындалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 4
Күлкілі 8
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары