20.08.2024, 16:20

«Туысы шығар»: Желіде Тоқаевқа ұқсайтын ер адамның видеосы тарады

Фото: Instagram/sko_revizor

«Мәссаған, қандай ұқсастық!?».

Әлеуметтік желіде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұқсайтын ер адамның видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жұрттың назары ауған видео Instagram желісінде тарады. Әлгі видеодан тойда ортаға билеп шыққан ер адамның асабаны қатты таңғалдырғаны байқалады. Той жүргізушісі оған президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қатты ұқсайтынын бірден айтқан. Артынша президенттен айнымайтын кісінің есімі – Ерғали екені белгілі болды.

Желі қолданушылары оны президентке өте ұқсас екенін жарыса жазуда.

«Айнымайды ғой», «Туысы шығар», «Мәссаған, қандай ұқсастық!?», «Таңғалып тұрмын. Бір қарағанда сол кісі секілді», «Айнымаған президент», «Не деген ұқсастық десеңші», «Қасым-Жомарт Досаев», «Қатты ұқсайды» десті желі қолданушылары.