«Канторсильо» командасының ойыншылары төрешінің назарын сол жаққа бұрған.
Перу кубогында футболшылардың бірі матч кезінде алаң жиегіне дәрет сындырған. Футболошы осы әдепсіздігі үшін алаңнан қуылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Футболдан «Канторсильо» мен «Атлетико Авахун» командалары арасындағы Перу кубогының екінші кезеңінің алғашқы кездесуі 0:0 есебімен аяқталды. Ал «Атлетико Авахун» командасының ойыншысы Себастьян Муньостің матчтың 72-минутында дәрет сындырған. Оның бұл ерсі әрекетін бас төреші көрмеуі де мүмкін еді. Бірақ «Канторсильо» командасының ойыншылары төрешінің назарын сол жаққа бұрып, ақыры діттегеніне жетті.