Ал Головкин оның орта салмақтағы (160 фунд) алғашқы қарсыласы және Альвареспен 3 рет жұдырықтасқан.
Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық спортшы Геннадий Головкин 2025 жылы кәсіпқой рингке қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
boxingnews.com сайтының мәліметінше, Сауд Арабиялық бай, бокс спортының инвесторы Турки Аль аш-Шейх Геннадий Головкинге рингке оралуға ұсыныс тастаған. Мәселен, Головкинге рингке оралғаны үшін қомақты қаражат төлеуге уәде берілген. Тіпті ол 2025 жылдың алғашқы жартысында төрт салмақта әлем чемпионы Теренс Кроуфордпен (41-0-0,31КО) жұдырықтасуы керек.
Әзірге болуы мүмкін кездесу Теренс Кроуфордтың мексикалық боксшы Сауль Альварес (61-2-2,39КО) арасындағы жекпе-жек алдындағы дайындығы болмақ. Себебі америкалық боксшы Алвареспен 168 фунд салмағында бокстасады. Ал Головкин оның орта салмақтағы (160 фунд) алғашқы қарсыласы және Альвареспен 3 рет жұдырықтасқан.