$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда түлектерге тағы да 10 мың грант бөлінеді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек гранттардың басым бөлігін мемлекет үшін маңызды мамандықтарды таңдаған талапкерлер иеленетінін айтты.

Фото: ult.kz
Фото: ult.kz

Қазақстанда ҰБТ-да 100-ден жоғары балл жинаса да, грантқа түсе алмағандарға қосымша 10 мың грант бөлінеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл бюджеттік орындарға өткен жылмен салыстырғанда 11 мың үміткер көп бақ сынады. Сондай-ақ грант төңірегінде дау туып, ҰБТ-дан жоғары балл алғандар су тасқынынан зардап шеккен аймақтың түлектеріне грант берілгеніне қарсы шықты. 

Айта кетейік, 10 мың гранттың 3 мыңын еліміздің жетекші жоғары оқу орындары,  2 мыңға жуығын жұмыс берушілер мен "Қазақстан халқы" қоры, қалғанын облыс әкімдіктері бөледі. 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек гранттардың басым бөлігін мемлекет үшін маңызды мамандықтарды таңдаған талапкерлер иеленетінін айтты.

“Биылдан бастап бізде жылу энергетикасы, су, орман шаруашылығы салаларындағы үлкен проблемаларға байланысты жылу энергетикасы, гидрогеология, ветеринария, ауыл шаруашылығы сияқты мамандықтарға қосымша гранттар бөлініп жатыр. Жоғары балл жинаған студенттердің толық тізімін ректорларымызға тапсырдық. Бұл – мықты және талантты студенттер. Қосымша 10 мыңға жуық грант бөлінеді”, – деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары