Боксшы 28 жастағы қызды зорлады деген кұдікке ілінді.
Танымал қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровқа қыз зорлады деген айып тағылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Азаттық рухы порталына сілтеме жасап.
Оқиға 2024 жылдың 19 тамыз күні түнгі 23-00 шамасында орын алған. Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция басқармасына тұрғын үйлердің бірінде зорлық жасалғаны туралы хабар түскен.
28 жастағы жәбірленуші танымал кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың үстінен арызданған. 33 жастағы спортшыны ұстау үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр, делінген желідегі ақпараттта.
Алматы қаласының полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
"Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр", - деді ПД баспасөз қызметі.
Жанқош Жасұланұлы Тұраров 1990 жылы 20 қарашада Жамбыл облысында туған. Кәсіпқой боксшы. 2023 жылы наурызда IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атанды.
Үйленген, жұбайымен үш қыз тәрбиелеп отыр.