$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қалай құбылады?

Күн күркірейді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнде – 2024 жылдың 22-24 тамызы аралығында Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астанада:

22 тамыз – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +22+24°С.

23 тамызда көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +18+20°С.

24 тамыз – көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +16+18°С.

Алматыда:

22 тамыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +29+31°С.

23 тамыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +28+30°С.

24 тамыз – көшпелі бұлтты, күндіз – қысқа жаңбыр, найзағай. Батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағайдың екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +26+28°С.

Шымкентте:

22 тамыз – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +32+34°С.

23-24 тамыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +31+33°С.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары