$ 478.93  534.96  5.16

Астанада көшеден ер адамның мәйіті табылды (ВИДЕО)

Ол пышақ жарақатын алған. 

Фото: видеодан алынған
Фото: видеодан алынған

Елордада көшеден ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желідегі дерекке сүйенсек, ер адамның денесі бас шаһардағы Янушкевич көшесі мен Минск жолағының қиылысынан табылған.

Бұл оқиғаға қатысты Астана қалалық полиция департартаменті мәлімдеме жасады.

«20 тамыз күні сағат 18:50-де 102 арнасына мәйіт табылғаны туралы хабарлама түсті. Полиция қызметкерлері оқиға орнынан 53 жастағы ер адамның мәйітін анықтады. Ол пышақ жарақатын алған. 31 жастағы күдікті ұсталды, оның жеке басы анықталды. Олардың арасында ауызша қақтығыс болған. Заттай дәлел ретінде пышақ тәркіленді», - деп хабарлады ПД.

Полицейлердің айтуынша, аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, қажетті сараптамалар тағайындалды. Ал күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары