21.08.2024, 21:30

«Ер жігітке тән әрекет жасауы керек»: Головкин «сенімсіздік» білдірген Өтешева мәлімдеме жасады

Фото: olуmpic.kz

Сенімді жоғалтпаған достардан келген қоңыраулар легінде шек жоқ.

"Сенімді жоғалтты" деген айыппен жұмысынан босатылған Қазақстан ҰОК бас хатшысы Жанар Өтешева осы мәселеге қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше ұсынылған ақпаратта "шикі" тұстар көп, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Экс-бас хатшының Комитет президенті Геннадий Головкинге реніші де қара қазандай көрінді.

"Сенімді жоғалтпаған" достардан келген қоңыраулар легінде шек жоқ. Менде бәрі жақсы, бәріне көп рахмет! Ақпаратқа қатысты тек бір нәрсе айта аламын. Сіздерге ұсынылған нұсқада "шикі" тұстар көп. Олардың орны уақыт өте келе толатын болар. Оған дейін ешқандай пікір білдіре алмаймын. Кем дегенде біреу ер жігітке тән әрекет жасауы керек қой", – деп жазды Өтешева.

Өтешева бұрынғы бастығының парақшасына жазылушылар қатарынан да шығып кетіпті.

Естеріңізде болса, 2024 жылдың ақпан айында миллиардер Тимур Құлыбаев ҰОК тізгінін кәсіпқой бокстан әлем чемпионы болған Геннадий Головкинге табыстаған еді. ҰОК ассамблеясында Головкинмен жұмыс істейтін команда да жасақталды. Сол кезде комитеттің бас хатшысы болып Жанар Өтешева тағайындалған еді.