$ 478.96  533.03  5.22

Нұрбек Оралбай су жаңа қымбат көлік мінді

Ал жаттықтырушысына 10 млн теңгенің сертификаты табыс етілді.

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай мен оның жаттықтырушысына арнайы сыйлық берілгені туралы жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қала әкімі спротшыға көліктің кілтін, ал жаттықтырушысына қаржылай сыйлық берді. 

"Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбаймен және оның жаттықтырушысы Асқар Еркебаевпен кездестім.Нұрбек Оралбай еліміздің әрі қаламыздың атынан сынға түсті. Оның бұл жетістігінің артында мыңдаған сағаттық жаттығулар, сол сияқты отбасының, жаттықтырушысының және туыстарының қолдауы мен өзіне деген сенімі жатыр. Демеушілер есебінен Нұрбек Оралбайға Land Rover Defender автокөлігінің кілті, ал жаттықтырушысына 10 млн теңгенің сертификаты табыс етілді. Спортшыларымызға биік шыңдарды бағындыруын тілеймін!", – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары