Ақсу аудандық сотының 2024 жылы 20 тамыздағы ұйғарымымен Серікқан Жақыпов қамауға алынды.
Amanat партиясының Ақсу аудандық филиалының бұрынғы басшысы бала зорлау ісі бойынша екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Жетісу облыстық соты мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жетісу облыстық сотының мәліметінше, Ақсу аудандық сотының 2024 жылы 20 тамыздағы ұйғарымымен Серікқан Жақыпов қамауға алынды.
"Ж.-ға қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", – делінген сот хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Amanat партиясы Ақсу аудандық филиалының басшысы Жақыпов Серікқан жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінген еді. Мәлімет бойынша, сараптама 7 жасар балаға күш қолдану фактісін растаған.