22.08.2024, 14:00

«Қолыңызға ауру жұғып қалмайды»: Садыр Жапаров қоқыс жинап жүр (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Бізге ешкім сырттан келіп, қоқыс жинап бермейді. 

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров халқын табиғатты аялауға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жапаровтың желідегі парақшасында қоқыс жинап жүрген сәтінде түскен видео жарияланды.

«Табиғатты аялайық, бір-бірімізді бақылап, тәрбиелейік, үлгі болайық. Бізге ешкім сырттан келіп, қоқыс жинап бермейді. Егер жауапсыз адамдардың қоқыс шашып кеткенін көрсеңіз, оны да жинап алуыңызды сұраймын. Одан қолыңызға ауру жұғып қалмайды», - деді Қырғыз президенті.