22.08.2024, 16:00

Еліміздің оңтүстігінде шетелдіктер арасында атыс болды – полиция түсініктеме берді

Фото: Видеодан кадр

Іс-шара барысында 500-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Желіде Түркістан облысының Қарабұлақ ауылында шетелдіктер арасында атыс болғаны туралы ақпарат тарады. Оқырмандар тіпті екі адам зардап шеккенін де айтқан. Алайда өңірдің полиция департаменті мұны жоққа шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желілерде жарияланған Сайрам ауданы ауылдарының бірінде шетелдіктер арасында атыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Баршаңызды тек ресми дереккөздерге сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырамыз», - деп мәлімдеді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ПД атап өткендей, қазір полицейлер Түркістан облысының Сайрам ауданында құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жергілікті шаралар өткізіп жатыр. Іс-шара барысында 500-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, олар бойынша тиісті шаралар қабылданды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.