Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Астанада 23 тамызда күн бұлтты, жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 19-21 жылы. 24 тамызда жаңбыр, найзағай болады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 16-18 жылы. 25 тамызда синоптиктер жаңбыр, найзағай жауады деп болжады. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 16-18 жылы.
Алматыда 23 тамызда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 30-32 жылы. 24 тамызда күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай болжанады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 26-28 жылы. 25 тамызда күн бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 24-26 жылы.