$ 498.34  519.72  4.85

«Атып тастаймын»: Ресейлік шенеунік футболшыларды қорқытқан

Өткен маусымда «Урал» «Акронмен» өткен матчта есе жіберіп, нәтижесінде премьер-лигадан шығып қалды. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ресейдің Свердлов облысының спорт министрі Леонид Рапопорт жергілікті «Урал» футбол клубының ойыншыларына қоқан-лоққы көрсетіп, атыс қаруымен қорқытқан. Ол клуб ойыншыларына 2025 жылы Ресейдің Премьер лигасында ойнауға мүмкіндік алмаса, аямайтынын айтып дүрбелең тудырды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы «Чертвертый канал» арнасының эфирінде  айтылды. Рапопорт мұндай қадамға барған сәтінде нақты кімді қорқытқанын айтпады. Оның айтуынша, клуб басшылығына РПЛ-да ойнау міндетін губернатор Евгений Куйвашев қойып отыр. 

«Тапсырма Премьер лига ойындарына қайта оралу туралы болып отыр. Әйтпесе атуға тура келеді. Мен бұл студияда бұл фразаны бірінші рет айтып отырған жоқпын. Әзірге біз соңғы шараны қабылдаған жоқпыз», - деді ол.

Бұған дейін Ресейдің Урал қаласының «Орал трубник» командасының хоккейшілеріне осындай шараны қолдануға клуб директоры әрі жергілікті мәслихат депутаты Виктор Бабенко уәде берген болатын. Олардың міндеті чемпионаттың плей-офф кезеңіне шығу болған еді. Өткен маусымда «Урал» «Акронмен» өткен матчта есе жіберіп, нәтижесінде премьер-лигадан шығып қалды. Осыдан кейін клуб директоры Григорий Иванов бас жаттықтырушы Виктор Гончаренконы жұмыстан шығарып, отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары