23.08.2024, 17:40

«Әрі қарай жұдырықтасамын»: Сәкен Бибосынов мәлімдеме жасады

Фото: sakenbibosinov инстаграм парақшасынан

Бұл шындыққа жанаспайды, жалған мәлімет. 

Токио олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов спорттағы мансабы және жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ештеңе өзгерген жоқ. Бұрынғыдай әлі де бокстамын. Олимпиадада ойдағыдай нәтиже көрсете алмадым. Елге келіп, бірден жаттығуға кірісіп кеттім. Желіде біраз адам менің құрамадан кететінім туралы хабар таратыпты. Бұл шындыққа жанаспайды, жалған мәлімет. Иә, қазір бапкерлер құрамы ауысқан соң, алдағы жарыс жоспарларына қатысты нақты ештеңе айта алмаймын. Алайда үлкен спорттан әлі кетпегенімді, әрі қарай жұдырықтасатынымды айтқым келеді. Ал Олимпиадаға келер болсақ, біздің біраз жігіттер 2:3 есебімен қарсыласқа есе жіберді. Бұл сәтсіздік бізді шыңдай түсеріне сенемін.

Мырзағали Айтжанов ағайымыз ұлттық құрамадан кетсе де, оның еңбегін ешкім жоққа шығармайды. Бапкеріммен әрдайым біргемін», – деді спортшы.