$ 498.34  519.72  4.85

Құны 10 млн доллардан асады: Сақ дәуірінің ескерткіштері мемлекетке қайтарылды

Сот талқылауы барысында жауапкерлер өздеріне тиесілі активтерді иемдену көздерінің заңдылығын дәлелдей алмады.

Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

10 млн доллардан астам заңсыз жиналған байлыққа қатысты алғашқы сот актісі орындалды. Бұл туралы Бас прокуратураның активтерді қайтару жөніндегі комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектісінің активтерінің заңдылығын талдау кезінде онымен үлестес азаматтарда шығу көзі белгісіз активтері анықталды.

Биыл ведомство 10 млн АҚШ долларынан астам активтерді мемлекет кірісіне айналдыру туралы талап арыз берді. Сот талқылауы барысында жауапкерлер өздеріне тиесілі активтерді иемдену көздерінің заңдылығын дәлелдей алмады. Бірінші сатыдағы сот Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің талаптарын толық қанағаттандырып, сот алқасының қаулысымен жауапкерлердің апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды. Cот шешімін орындау аясында қолма-қол ақша, қымбат зергерлік бұйымдар, сарапшылардың пікірінше, түбірі Сақ дәуірінен басталатын тарихи-мәдени мұрағаттары мемлекет кірісіне айналдырылды», – делінген Комитет хабарламасында.

Бұл жағдайда активтерді мәжбүрлеп қайтару механизмі қолданылғанына қарамастан, активтерді ерікті түрде қайтаруды ынталандыру «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңның негізгі қағидаты болып табылады және болып қала береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары