Алматы полиция департаменті болған оқиғаға түсініктеме берді.
Алматыда жүргізушілер арасындағы жанжал төбелеске ұласты. Оқиғаны жәбірленуші тарап видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде тараған видеода жас жігіттің өзге жүргізушіні басынан, тізесімен бетінен ұрып-соғып жатқанын көруге болады. Оқиға дәл жолдың бойында болды.
Алматы полиция департаменті болған оқиғаға түсініктеме берді.
«Ұрып-соғу фактісі бойынша Әуезов ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу іс-шараларының нәтижесі бойынша іс жүргізу материалдары сотқа жіберілетін болады», - делінген ПД хабарламасында.