$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда суға батып кеткен 14 жастағы жасөспірімнің денесі табылды

Ол жағадан 12 шақырым қашықтыққа батып кеткен.

Фото: freepik
Фото: freepik

Атырауда 22 тамызға қараған түні суға батып кеткен 14 жастағы жасөспірімнің денесі табылып, туыстарына тапсырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Instagram-дағы парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, құтқарушылар 2024 жылғы 24 тамызда сағат 07:03 шамасында суға батып кеткен 2010 жылғы жасөспірімнің денесін оқиға орнынан 12 шақырым қашықтықта судан алып шыққан.

"Іздестіру жұмыстарына ТЖД 10 жеке құрамы, 5 жүзу құралы, 1 техника жұмылдырылды", - делінген ведомство хабарламасында.

ТЖД өкілдері рұқсат етілмеген жерлерде шомылу қауіпті екенін, оның соңы қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертті.

«Облыстың тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын сақтауға және суға шомылудан бас тартуға шақырамыз», - дейді құтқарушылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары