$ 494.87  520.65  4.91

Теміртаудағы Qarmet металлургия комбинатында екі жұмысшы көз жұмды

Компания қайғылы оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрды.

Фото: ura.ru
Фото: ura.ru

Қарағанды облысындағы Qarmet мателлургия комбинатында екі жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Таңғы сағат 9:20 шамасында ғимараттың шатырын жөндеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан мердігер компанияның екі қызметкері биіктіктен құлап кетті», - деп хабарлады компания.

Олар мердігерлік ұйымның қызметкерлері болған.

– Химиялық ұстау блогы ғимаратының шатырын бөлшектеу жұмыстарын орындау кезінде биікте қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан мердігер ұйымның екі қызметкері биіктен құлап, көз жұмды, – делінген Qarmet хабарламасында.

Қаза тапқан Д. Иманғалиев 19 жаста, Ю.Самойлов 38 жаста болған.

Компания қайғылы оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары