26.08.2024, 08:30

Найзағай, жел, жаңбыр: Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы

Фото: piхabay

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі.

 

«Қазгидромет» 26 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

26-28 тамызда Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

26 тамызда Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астана қаласында 26 тамызда кей уақыттарда найзағай күтіледі.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

26 тамызда таңертең және күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 26 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15- 20 м/с

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.