26.08.2024, 10:20

Абай облысында өрт шығып, үй иесі өлі табылды

Фото: ТЖМ

Өртті сөндіру кезінде 1990 жылы туылған үй иесінің денесі табылды.

Абай облысында өрт болып, үй иесі өлі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқиға бүгін Бородулиха ауылында таңғы бес шамасында болған. Шаруашылық құрылыс нысанынан басталған өрт жеңіл көлікке өтіп, жеке тұрғын үй өртеніп кеткен.

Өрт алаңы 400 шаршы метр. Өртті сөндіру кезінде 1990 жылы туылған үй иесінің денесі табылды.

ТЖМ тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Өрт орын алған кезде 112 нөміріне хабарласыңыз. 

Таңғы жеті шамасында өрт 250 шаршы метр алаңда сөндірілді. Себебі анықталып жатыр.