$ 494.87  520.65  4.91

Оралда екі жасар бала терезеден құлап кетті

Оқиға қаладағы бес қабатты үйлердің бірінде болды.
 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Батыс Қазақстан облысы ТЖД мәліметінше, екі жасар қыз көпқабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Ересектердің қарауынсыз қалған алдағы айда екі жасқа толатын қыз бала екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Қазір ол ауруханада жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. БҚО ТЖ департаменті кішкентай балаларды бақылаусыз қалдырмау керектігін еске салады», деп хабарлады ведомстводан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары