Біреудің қызының, әйелінің, күйеуінің, бөтен еркектің денесін ұстауға қақың жоқ негізі. Ол – ойнастық, зинақорлық.
Журналист Жолымбет Мәкіштің боди массажға баратын ер адамдарды сөз етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның жазуынша, ерте байға тиіп, кейін ажырасып кеткен қыздардың да көбі сөйтіп боди массаж жасап күн көреді-міс.
«2-3 жыл бұрын ғой деймін осы, танымайтын бір қыз жекеге жазыпты боди массаж жасаймын деп. Сізге жақсылап скидка жасаймын деп қояды тағы. Массаждың не екенін білгенімізбен, бодидың не екенін білмейтін кезіміз ол. Жауап бермей қойып едім, содан қайтып жазған жоқ. Өстіп массаж жасап ақша табатын бір қыздың сұқбатын көріп қалдым жаңа. Сол бодиға баратын еркектердің бәрі әйелі, бала-шағасы барлар екен. Ерте байға тиіп, кейін ажырасып кеткен қыздардың да көбі сөйтіп боди массаж жасап күн көреді дейді. Сөйтіп бір-біріне көңілі түсіп, кейін ойнас болып кететіндер де көп екен арасында. Мынау енді сұмдық статистика ғой! Қазақ қайда кетіп барады? Біреудің қызының, әйелінің, күйеуінің, бөтен еркектің денесін ұстауға қақың жоқ негізі. Ол – ойнастық, зинақорлық. Көзге шөп салу (измена), отбасының шырқын бұзу да осыдан басталады өзі. Онсыз да қазір ажырасудан әлемнің алдына шықтық. Отбасы құндылығы, некеге адалдық, иман, әдеп деген нәрселер әдірам қалып, Алматыда боди массаждан аяқ алып жүре алмайтын болдық. Қайтпек керек, қазақ?», – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.