26.08.2024, 21:30

Қазақ жігіті АҚШ-та өткен халықаралық таланттар олимпиадасында бас жүлдеге ие болды

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ербол Тәжібаев - Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінде "Классикалық вокал" мамандығы бойынша, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде білім алған.

Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртісі Ербол Тәжібаев АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен "WorldStars" халықаралық таланттар олимпиадасына қатысып, бақ сынаған үш номинациясында бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, беделді байқау әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жетекші вокалистерге, талантты орындаушыларға өздерінің музыкалық жетістіктерін көрсетіп, өнерін әлемге паш етуге мүмкіндік сыйлайды.

Ербол Тәжібаев - Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінде "Классикалық вокал" мамандығы бойынша, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде білім алған, еліміздегі "Qazaqstan дауысы", "Topjargan", "Бес жұлдыз" және т.б. көптеген беделді республикалық байқаулар мен жобаларда керемет өнер көрсетіп, көрермен қошеметтеріне бөленген ерекше дарын иесі.