Франция сөз бостандығы мен коммуникация, инновация және кәсіпкерлікке барынша көңіл бөледі.
Франция президенті Эммануэль Макрон Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның сөзінше, Дуровтың ұсталуы – саяси шешім емес.
“Павел Дуров қамауға алынғаннан кейін Франция туралы жалған ақпаратты оқып жатырмын. Франция сөз бостандығы мен коммуникация, инновация және кәсіпкерлікке барынша көңіл бөледі. Осылай болып қала бермек. Заң үстемдігі жағдайында нақты өмірдегідей, әлеуметтік желілерде азаматтарды қорғау және олардың негізгі құқықтарын құрметтеу үшін заңмен белгіленген шеңберде жүзеге асырылады. Telegram-ның негізін қалаушыны Францияда қамауға алу жүргізіліп жатқан сот тергеуінің бір бөлігі ғана, бұл саяси шешім емес. Шешімді судьялар шығарады", - деді Макрон Х желісіндегі жазбасында.