$ 494.87  520.65  4.91

«Бұл Қалдыбек не көрмеді?»: Белгілі композитор қызы Әнаруға қатысты пікір білдірді

Қызымды ақтық демім қалғанша қорғаймын, күресемін.

Фото: "Қасқа жол" подкастынан
Фото: "Қасқа жол" подкастынан

Соңғы күндері БАҚ беттерінде боксшы Жанқош Тұраров «қыз зорлады» деген ақпарат тарап, арызданушы Әнару Құрманәлі телеарналарға көлемді сұхбат берген болатын, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осы жайтқа қатысты журналист Жұлдыз Төлеу сазгер Қалдыбек Құрманәліге хабарласып, жағдайын сұраған. Композитор бүгінде ауылдағы қара шаңырағына көшіп кеткен көрінеді.

«Бұл Қалдыбек мына өмірде не көрмеді дейсің? Қызымды ақтық демім қалғанша қорғаймын, күресемін. Қызыма күнде хабарласып, қолдау көрсетіп отырмын», деп жауап берген сазгер.

«Ал Әнару бұған дейін өзіне бірнеше рет қол жұмсамақ болған», деп жазды Жұлдыз Төлеу.

Бұған дейін кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың тарапы өзіне тағылған айып бойынша баспасөз мәслихатын өткізгенін жазған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 36
Ұнамайды 7
Күлкілі 7
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары