$ 494.87  520.65  4.91

Президенттің бұрынғы оққағары Түркияның бес жұлдызды қонақ үйінде өлі табылды

Біраз уақыттан кейін оның әйелі мен ұлы серуендеп, қайтып оралғанда Мамедовты еденде қозғалмай жатқан күйінде тапқан.

Фото: видеодан алынған
Фото: видеодан алынған

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің бұрынғы оққағары Махир Мамедов Түркияның батысындағы бес жұлдызды қонақүйде өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Türkiye басылымының мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға Айдын қаласының Кушадасы курорттық ауданында болған.

«Айдын қаласының Кушадасы ауданында өзінің қонақүй бөлмесінде 50 жастағы Махир Мамедов өлі күйінде табылды. Ол кезінде Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің жеке оққағары болып жұмыс істеген. Мамедовтың өлімінің нақты себебі аутопсиядан кейін белгілі болмақ», – деп жазды басылым.

Ер адам Кушадасқа үш күн бұрын жұбайы Кемали Мамедовамен және ұлымен демалуға келгені белгілі болды.

Түркия басылымының жазуынша, сейсенбіде таңғы астан кейін Мамедов пен оның отбасы демалу үшін бөлмеге барғанын айтты. Ал біраз уақыттан соң оның әйелі мен ұлы серуендеп, қайтып оралғанда Мамедовты еденде қозғалмай жатқан күйінде тапқан.

«Хабарламаны алғаннан кейін қонақ үйге жедел медициналық көмек пен полиция бригадалары жіберілді. Медициналық топ жүргізген бақылау кезінде Мамедовтың қайтыс болғаны анықталды», – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары