28.08.2024, 12:00

Алматы облысында ер адам итті көліктің артына байлап, сүйреген (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Қазір ұсталған азаматтың үстінен жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін қылмыстық іс қозғалды. 

Желіде ер адамның итті көліктің артына байлап, сүйреген видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға Алматы облысында болды. Қазір қаскөй ұсталып, бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр.

"Жедел іздестіру шаралары барысында Қарасай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 28 жастағы ер адамды ұстады және полицияға жеткізді. Қазір ұсталған азаматтың үстінен жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.