#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

«Одан да шатырды жөндеңдер!». Қызылордада қызыл кірпіштен соғылған үйлерді ақ түске бояған

Бояу үшін тендер жеңіп алған шығар.

Фото: kritika.kyzylorda
Фото: kritika.kyzylorda

Қызылордалықтар қызыл кірпіштен соғылған үйлердің ақ түске боялуына наразылық білдіріп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы

Instagram желісіндегі kritika.kyzylorda парақшасында оқырман қызыл кірпішті ақтап жатқанын айтып, шағымданған.

Жазбаға басқа да тұрғындар пікір білдіріп жатыр.

«Бояу үшін тендер жеңіп алған шығар», «Кірпішті неге бояп жатыр?», «Егер қала бюджетінде ақша болса, онда үйлердің шатырын жөндеңдер! Жаңбыр кезінде көптеген үй жүзеді», «Кейде шенеуніктердің қалай ақша жасап отырғанына қарап, таңғаласың» деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Қызылорда әкімдігі қалада ғимараттар мен құрылыстарды сәулеттік-көркемдік безендіру жүйесінде бірегей қалалық келбет пен мәдени бірегейлікті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Қала бойынша облыс орталығына бірыңғай сәулеттік көрініс беру бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, ғимараттардың сыртқы қасбеті қандай болуы керегіне, олардың түсі, құрылыс жұмыстарына қолданылатын материалдар, соның ішінде әр түрлі формадағы ғимараттардың қасбетіне жарнама орналастыру (олар бір биіктікте, бір деңгейде болуы керек) және т. б. постта көрсетілген үйді жөндеу демеушілердің есебінен жүзеге асырылады. Барлық сын-ескертпелер мердігерге жеткізіліп, бақылауға алынады, - деп жазды әкімдік қызметкерлері.

Сонымен қатар, әкімдік былтыр Қызылордада демеушілер есебінен 30-дан астам ескі көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеті қайта жаңартылғанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 7
Күлкілі 1
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары