29.08.2024, 10:40

Елдос Сметов өзі туралы фильм түсіргісі келетінін айтты (ВИДЕО)

Фото: yeldos60kg инстаграм парақшасынан

Менің басымнан өткерген қиындықтар туралы көп адам біле бермейді.

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов өзі туралы фильм түсіргісі келетінін айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дзюдошы бұл туралы Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

"Бұл тарихи жеңісімнің артында үлкен еңбек пен күш-жігер жатыр. Менің басымнан өткерген қиындықтар туралы көп адам біле бермейді. Сондықтан артымнан ерген жас спортшыларға мотивация болатындай фильм түсіру ойда жүр", - деді ол сұқбатында.

Сонымен қатар спортшы сұқбат бергенде 2028 жылы өтетін Олимпиадаға қатысатынын хабарлаған болатын.