29.08.2024, 11:20

«Не айқай?»: Ақтаудағы ресторандардың бірінде төбелес болды (ВИДЕО)

 Полиция оқиғаға қатысты басқа ақпарат жариялаған жоқ. 

Әлеуметтік желіде Ақтау мейрамханаларының бірінің маңында бір топ полицейдің тұрғаны түсірілген видео тарады. Ресторанда төбелес болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Lada.kz-тің дерегінше, шақырту түскен жерге жеткен полицейлердің жұмысына кедергі жасалған. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі басылымға мекемеде төбелес болғанын хабарлады.

Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан 2-шағын аудандағы мейрамхананың маңында жиналған бір топ полицейдің, арнайы көліктер мен жедел жәрдем көлігін көруге болады.

"Бұзақылық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ведомстводағылар.

Полиция оқиғаға қатысты басқа ақпарат жариялаған жоқ.