Ол марқұм Айсұлтан Назарбаевты еске алуға арналған футбол турниріне келген.
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева ел алдына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Дариға Назарбаева Алматыдағы іс-шарада көзге түсті. Ол марқұм Айсұлтан Назарбаевты еске алуға арналған футбол турниріне келген.
Бұл туралы журналист Сырым Итқұлов жазды.
Бұған дейін Дариға Назарбаева мен оның отбасы Канн қаласында өткен кеште көзге түскен болатын.
Ашық дереккөздердің мәліметінше, бұл шараға қатысудың өзі арзан емес: кешке қатысамын деушілер екі адамға 33 мың еуро немесе 17,5 миллион теңге төлеуі керек.
Шарада әулеттің алты адамы жүр. Осылайша, Назарбаевтың қызы, немерелері мен шөберелері бір шараға қатысудың өзіне 52,6 миллион теңге берген болуы мүмкін.