Ол 11 жасқа дейінгі спортшылар арасында үздік атанды.
Үстел теннисінен Қазақстан командасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Хорватиядағы WTT Youth Contender турнирінде алтын жүлдегер атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол 11 жасқа дейінгі спортшылар арасында үздік атанды.
Жәния турнир барысында төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ол Үндістан, Колумбия, Хорватия және Польша спортшыларынан басым түскен.