$ 480.63  535.13  5.27

«Төрге қай бетімен шыққан?». Желіде қарияның тойда берген біртүрлі батасы тарады

Батаның өте қысқа болғанына біреуі наразылық білдірсе, басқалары күліп жатыр.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Желіде қария тойда берген өте қысқа батасы үшін сынға қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

TikTok әлеуметтік желісінде бата берген зейнеткердің бейнежазбасы тарап, қызу талқыға түсті. Батаның өте қысқа болғанына біреуі наразылық білдірсе, басқалары күліп жатыр.

Дастарханға бата: бисмилләһир рахманир рахим, аллаһу акбар, деп батасын берді қария.

Көрермендер бұл батаға жазған пікірлері екітүрлі:

«Төрге қай бетімен шықты екен?», «Енді жастарға не деп өкпелейсіңдер?», «Басталам дегенше бітіп қалды ғой», «Атамыздың уақыты жоқ қой», «Мынау бата емес. Көп сүргеннен емес, көпті көргеннен сұрау керек батаны.», «Мен естіген ең қысқа бата», деп жазып жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 4
Күлкілі 15
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#той #асаба #бата